Қосымша қызметтер
Паркинг. Ұзақ уақытқа ұшып бара жатып, жолаушы әуежай аумағының тұрағында өз автомобилін қалдырып кетуге мүмкіншілігі бар. Тарифтер мен шарттар туралы ақпараттарды мына телефон бойынша білуге болады: +7 (7212) 42 85 66 (тұрақ).
Бизнес-зал. Үнемдеу-класс жолаушылары бизнес-залының ақылы қызметтерін қолдана алады: тосуға арналған жайлы зал, соңғы жаңалықтар, теледидар, бар. Жолаушылардың тасымалдарын ұйымдастыру қызметінің агенттері сіздердің билеттеріңізді тіркеп, жүктеріңізді рәсімдеуге көмектеседі. Сондай-ақ, бизнес-зал қызметтерін тосып алушы және шығарып салушы тұлғалар да пайдалана алады.
Wi-Fi (Интернет желісіне сымсыз кіру мүмкіндігі). Орнатылған модулді құрылғылары және сәйкес кіру карталары бар жолаушылараэровокзалдың кез-келген аумағында жоғары жылдамдықты сымсыз кіру технологиясын қолдана алады: тосу залы, жергілікті және халықаралық рейстерді тіркеу секциялары, бизнес-зал және т.б.
Хабарландыруларды жариялау. Егер сіздерге ақпараттарды дыбыс байланысы арқылы беру керек болса, сіз диктор-оператор қызметтерін қолдана аласыз, ол үшін сіз әкімшіге хабарласуыңыз керек (қызмет ақылы).
Жүк сақтау камерасы
Жүк сақтау камерасы үзіліссіз тәулік бойы жұмыс істейді.
Авиажолаушылардың заттары мен жүктері сақтауға сақтықты қамтамасыз ететін және басқа жолаушылардың жүктері мен жүк сақтау камераларының құрылғыларын ластамайтын кез-келген орамда қабылданады.
Сақтауға жарылғыш, тез тұтанғаш, уландырғыш заттар, тез бұзылатын өнімдер мен қарулық заттар қабылданбайды.
Бір жүктің орнының салмағы 30 кг-нан аспауы керек, сондай-ақ оның габариті 30х50х70 см-ден аспауы керек.
Габаритті емес жүк үшін салмағы мен мөлшері үшін үстеме ақы ұсталынады.
Сақталынуға берілген жүктерден заттарды жекелеп беруге тыйым салынады. Ондай жағдайларда жолаушы өзінің жүгін кейін қайтарып, тағы да сақтауға берсе, сәйкес төлемді қайта төлеуі керек.
Жолаушы түбіртекті жоғалтқан жағдайда заттар (жүктер) жолаушы милиция қызметкерлерінің қатысуымен, өтініш жазған жағдайда беріледі. Жолаушыда міндетті түрде жеке куәлігі мен оның заттары екенін дәлелдейтін құжаттар болуы керек. Сақтауға берген күннен 30 күн ішінде иесімен алынбаған заттар қажетсіз болып есептеліп, белгіленген тәртіпте рәсімделеді. Ұшып келу Залының жүк сақтау камерасы тосу залының 1 қабатында орналасқан.Тел. +7 (7212) 42-85-72 Аэровокзалдың жүк сақтау камерасы 1 қабаттың оң жағында орналасқан. Тел. +7(7212) 42 -85 -72 |
|