ТарихыКеңес Үкіметінің шешімі бойынша орталықтан алыстанған ауылдармен қарым-қатынасты қамтамасыз ету үшін 1934 жылы ақпан айында Қарағанды Әуежайы құрылған. Ең алғашқы ұшулар ПО-2 ұшақтарында болған, бір ұшақ 2 жолаушыға дейін немесе 150-200 кг пошта ала алған. Алматыдан жолаушы қатынасының басы 1937 жылға келеді, рейстер ПС-9 ұшақтарында іске асырылған. 1944 жылы аэродром Жаңа қала аумағына ауыстырылды, ал 10 жылдан кейін, 1954 жылы қызметтік орындар құрылысы басталды. Ұшу-қону алабы (ҰҚА) жасанды жабынымен 1959 жылы құрылды.
1980 жылы қазіргі заманғы аэровокзал кешені мен ұшу-қону алабы бар, қазіргі таңға дейін кез-келген әуе кемелерін қабылдай алатын Жаңа әуежай құрыла бастады. ҰҚА өте тез уақытта аяқталды және 1980 жылдың 4 қараша айында алғашқы ТУ-154Б лайнері жаңа әуежайда қонды. Сол кезден бастап ТУ-154 және ИЛ-62 типті ұшақтарында Қарағанды мен бұрынғы Кеңес Үкіметінің ірі қалалары арасында тұрақты әуе қатынасы ашылды. Қарағанды әуежайынан ұшулар Мәскеу, Ленинград, Алматы, Сочи, Киев, Новосибирск, Омск, Баку және басқа да бағыттарға ұйымдастырылды.
1991 жылы Қазақстан мемлекетінің білімі шетел мемлекетімен жаңа әуе қатынасын ұйымдастыруды талап етті. Халықаралық рейстердің көбісі Мәскеу әуежайы арқылы өткен кезде Кеңес үкіметі кезінде қалыптасқан практика авиатасымалдауда Қазақстанның қажеттіліктерін қанағаттандыра алмады да, 1992 жылы «Сары-Арқа» әуежайы уақытша кесте бойынша халықаралық Әуежай статусын алды. Сол кезден бастап Қарағандыдан халықаралық рейстердің ұшуы басталды. Германия (Майнадағы Франкфурт , Ганновер, Кельн, Дюссельдорф, Штутгарт, Нюрнберг), Стамбул (Түркия), Шарджа (Біріккен Араб Эмираттары) негізгі шетел бағыттарына айналды. Сонымен қатар Польша, Пәкістан, Сирия, Иран, Таиландқа рейстер жүрді. Халықаралық рейстерден басқа ТМД және Қазақстан қалаларымен де әуе қатынасы сақталды.
2002 жылы өткізілген жұмыстар нәтижесінде жалпы аумағы 30 000 квадрат метр аэровокзал кешенінің ғимараты толығымен қолданыла басталды. «Боинг-747», ИЛ-86 типті әуе кемелерін қабылдай алатын ені 60 м., ұзындығы 3300 м. ұшу-қону алабы бар.
Ұшу географиясының өзгеруімен қатар аэровокзалды құру жалғастырылды да, 1996 жылдың 5 қыркүйегінде «Сары-Арқа» Әуежайы кешенінің ашылуы өтті.
Қазіргі таңда «Сары-Арқа» әуежайы – жоғары техникалық және пайдалану сипатты, халықаралық стандарттарға сәйкес және дамуға күшті потенциалы бар қазіргі заманғы әуежай кешені. Әуежай тәулік бойы жұмыс істейді, кедендік, шекаралық және санитарлық-карантинді бақылауды қамтамасыз етеді. Авиажолаушыларға жайлы тосу залы, сақтау камерасы, медпункт, ана мен балаға арналған бөлме, мейрамхана мен экпресс-бар, ғибадат ету бөлмесінің қызметтері ұсынылады. Борттық тағамдану қызметі жұмыс істейді. VIP- және CIP-зал жұмыс істейді. АВК ұшып келу және ұшып кету залдарында, кедендік қойма орындарында жолаушылар мен жүктерге сапалы тексеріс жүргізуді қамтамасыз ететін қазіргі заманғы тексеру құрылғылары орнатылған (Ұлыбритания және Германия өндірушілері). Әуежайдан жергілікті желімен қоса, Қазақстан, Ресей, Германия, Турция "Эйр Астана", "Тулпар Авиа Сервис" (Қазақстан), "Россия", "Трансаэро", "Домодедовские авиалинии", (Ресей), «Туркиш Эйрлайнс» (Түркия) және авиакомпаниялары секілді халықаралық басқа да әуе желілеріне тасымал жасалынады.
1996 жылы 11 қазанда 100 %-ды мемлекеттік қатысумен Компанияның жарғылық капиталында 11 қазан 1996 жылғы № 129 мемлекеттік мүлікті басқару бойынша Қарағанды аумақтық комитетінің жарғысына сәйкес 11 қазан 1996 жылы № 1927-1930-АҚ «Сары-Арқа» Әуежайы» ашық типтегі акционерлік қоғамы пайда болды. «Сары-Арқа» Әуежайы» ашық акционерлік қоғамы болып атын өзгертуіне байланысты Компания 1997 жылдың 30 желтоқсанында Әділет органдарында қайта тіркелуден өтті, содан 10 000 (он мың теңге) көрсетілген бағасы бойынша 89.551 жай акция ұйымдастыру шығынымен мемлекеттік тіркеуден өтті. 22 шілде 2003 жылы Компания атауын «Сары-Арқа Әуежайы» акционерлік қоғамына өзгертіп, 89.671 жай акциясын құрған, хабарланған 120 жай акцияларының санын ұлғайтып, әділет органдарында қайта тіркелуден өтті.
25 қараша 2005 жылы Қарағанды облысы қаржы Департаменті 89.671 жай акция мөлшерінде қоғамның 100 % жарғылық капиталы мөлшерінде «Сары-Арқа» Әуежайы» АҚ мемлекеттік пакет акцияларын сату бойынша ашық инвестициялық тендер өткізді, оның жеңімпазы болып «Sky Service» ЖШС атанды. Нұсқалған тендер өткізілгеннен кейін «Sky Service» жауапкершілігі шектеулі серііктестігімен «Сары-Арқа» Әуежайы» АҚ 100 % мөлшерінде мемлекеттік акция пакетінің сатып алу-сату келісіміне отырды. 2005 жылдың желтоқсан айының соңында «Sky Service» ЖШС 89.671 жай акцияларының төлемін өтеді де, оның шотына нұсқалған акциялар аударылды.
|
|