Авиаагенттігі
Әуежай авиаагенттігінің тарихы 90-шы жылдардан бастау алады. Ол кезде авиаагенттікте авиабилеттерді сатуда дара иелік құқық болды. Қазіргі таңда, нарықтық қатынас жағдайында, сондай-ақ жолаушылардың авиатасымалдарын ұйымдастыру мен іске асыруда, қызметтердің бөлінуінде Қарағанды қаласының халықаралық Әуежай авиаагенттігінің қызметте үлкен тәжірибесі бар. Біздің авиаагенттігіміз Қарағанды қаласының сауда және іскер орталығында орналасқан. Авиа кассасы авиа билеттерді барлық бағыттар бойынша тағайындап, сатуға мүмкіндік беретін билеттерді тағайындау және сатудың қазіргі заманғы халықаралық жүйелерімен жабдықталған. Арнайы дайындалған жоғары білікті мамандар тасымалдаушы рейстердің түйісуінде оңтайлы жолын таңдауға көмектеседі. Авиатасымалдарды тағайындау және сату демалыссыз және үзіліссіз екі сервистік орындарында іске асырылады, нақтырақ айтсақ Әуежай кассаларында және авиаагенттігінде.
Қарағанды қаласында авиабилеттерін сату құқығын оннан аса авиаагенттік қолданады. Дегенмен, «Сары-Арқа» халықаралық Әуежайының авиаагенттігі Сіздерге авиатасымалдарға қатысты қызмет түрлерін ұсынады.
Билеттерді біздің агенттікте ала отырып, Сіз «СIР» залында (жайлылығы жоғары зал) төмендегілер бойынша қызмет көрсетуде 50% жеңілдікке ие боласыз:
Авиаагенттігінің ілтипатты ұжымы Сіздерді мына мекен-жай бойынша тосады: Бұқар-Жырау к.29, сағ. 09-00 - 18-00; авиабилеттер қала ішінде жеткізіледі; мына телефондар бойынша тапсырыстар қабылданады: 8(7212)41-05-80, +77022145382, 8(7212)41-23-16 факс, E-mail: airagency@karaganda-airport.com
|
|